"AVANGARD-AlmatyKZ" ЖШС металл прокат нарығында қалыптасқан компания. 2014 жылдың 6 маусымында құрылған күннен бастап біз табысты дамып, нарықтағы орнымызды кеңейтіп келеміз. Біз тек Астана мен Алматыда ғана емес, сонымен қатар әртүрлі аймақтардағы тұтынушыларға жақсырақ қызмет көрсету үшін Шымкентте филиалымыз бар металл бұйымдарын жеткізушісіміз.
Біз элиталық сапалы метал өнімдерінің жеткізушісі болып табыламыз. Әр бизнес саласының өзіне тән бірегей қажеттіліктері барын біз, әрине, жетік түсінеміз. Сол себепті тұтынушыларға индивидуальды түрде қызмет көрсетіп, әр бағыттағы кәсіпке сан қилы балама мен ең қолайлы металл тауарын ұсынамыз. Біздің өнім тауарларымыз жоғары сапасымен ерекшеленеді және барлық қауіпсіздік стандарттарға сай келеді.
Біз 400-ден астам метал өнімі түрлерін қамтитын каталогпен мақтанғымыз келеді. Бұл біздің клиенттерге барлық қажетті тауарларды бір жерден алуға мүмкіндік береді. Оларды жарнамалар арқылы іздеу қажеттілігі немесе басқа металл жеткізу қызметтеріне жіберу қажеттілігі туындамайды. Біздің мақсат - клиенттерімізге барынша қолайлылық пен эффективті жұмыс қамтамасыз ете отырып, қажеттіліктерін бір жерден табуға мүмкіндік жасау.
Сонымен қатар, біз ең тиімді бағаларға кепіл береміз. Экономикалық әділеттілік бизнес үшін маңызды фактор екенін түсінеміз, сондықтан біз тек тиімді серіктестік ұсынамыз. Біз клиенттермен ұзақ мерзімді және екі жақты пайдалы партнерлік байланыстарын қалыптастыруға барымызды салып келеміз.
Егер сізге кең ассортименті мен қолжетімді бағалары бар метал өнімдер жеткізушісі қажет болса, бізге хабарласыңыз. Біз жоғары сапа, профессионалды қызмет көрсету және сіздің метал өнімдер қажеттіліктеріңізді күнделікті қанағаттандыру үшін жұмыс жасаймыз.